2025 жылғы бірінші кезең шеңберінде қолданыстағы ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарға, шетелдік тәжірибеге талдау жүргізілді. Бұл талдау халықаралық және қазақстандық басылымдардағы жарияланым жобаларын әзірлеудің, оқу-әдістемелік материалдарды дайындаудың, сондай-ақ зерттеудің келесі кезеңдерінің әдіснамалық негізін қалыптастырудың теориялық базасы болды. «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілері арасында социологиялық зерттеу: сауалнама және фокус-топтық талқылау өткізілді. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларына енгізуге арналған оқу-әдістемелік кешен дайындалып, бекітілді. Адамға бағытталған мемлекеттік басқару моделі аясындағы инклюзивті мемлекеттік басқару практикаларын айқындайтын мемлекеттік қызметшілерге арналған құзыреттер әзірленді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҒЖБССҚК ұсынымына сәйкес 3 мақала жарық көрді.

