Жобаның сипаттамасы

BR27100377 «Мемлекеттік басқарудың адамға бағытталған моделі шеңберінде мемлекеттік органдар үшін инклюзивті басқару моделін әзірлеу» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырмасы аясында іске асырылуда.

Мақсаты:

мемлекеттік басқарудың адамға бағытталған моделі аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және мемлекеттік органдардың практикалық қызметіне енгізуге арналған оқу-әдістемелік және нұсқаулық материалдар пакетімен бірге инклюзивті басқару моделін әзірлеу және апробациядан өткізу.

Іске асыру мерзімі:

2025-2026 ж.

Өзектілігі:

«Халыққа құлақ асатын мемлекет» реформалары, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет салаларындағы стратегиялық басымдықтар, тұрақты дамуға қолдау көрсету, сондай-ақ инклюзивті және адамға бағытталған басқару модельдерін қалыптастыру қажеттілігі бірқатар міндеттерді шешуді талап етеді.

Күтілетін нәтижелер:

Бағдарлама нәтижесінде халықтың әртүрлі топтарының, соның ішінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беретін тиімді инклюзивті басқару моделін қалыптастыру жоспарлануда. Алынған эмпирикалық деректер мен аналитикалық қорытындылар елдің инклюзивтілік пен адамға бағытталған мемлекеттік басқаруды дамытуға қатысты нормативтік және стратегиялық құжаттарын әзірлеу барысында пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелерін практикалық қолдану мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

logo2.png
010000 Астана, Абай д., 33а
Электрондық пошта:
zhuldyz.davletbayeva@apa.kz 

Пайдаланушы профилі

© 2015 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper