2025 жыл
1) Қазақстанның кемінде 8 өңірінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері арасында инклюзивті мемлекеттік басқару қағидаттарын түсіну деңгейін айқындау, адамға бағытталған мемлекеттік басқару моделі аясындағы озық тәжірибелер мен проблемалық аймақтарды анықтау бойынша зерттеу өткізу.
2) Қайта даярлау курстарының оқу бағдарламасына (оқу жоспары, пәндердің мазмұны) енгізуге арналған базалық оқу-әдістемелік материалды, сондай-ақ адамға бағытталған мемлекеттік басқару моделі аясында инклюзивті тәсілдерді жетілдіру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру семинарын әзірлеу.
3) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Филиалдарында оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) апробациядан өткізу және оны Академияның Ғылыми кеңесі отырысына ұсыну.
4) Мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық деңгейінде бағалау индикаторларымен бірге, адамға бағытталған мемлекеттік басқару моделі аясындағы инклюзивті мемлекеттік басқару практикаларын айқындайтын «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілеріне арналған құзыреттерді әзірлеу.
2026 жыл
5) Инновациялық мемлекеттік қызметтің ашықтық пен инклюзивтілікке бағытталған ұйымдастырушылық мәдениетіне және басқарушылық әдістеріне интеграциялау үшін модель мен қағидаларды әзірлеу.
6) Халықаралық ғылыми журналдарда және уәкілетті орган ұсынған отандық журналдарда жариялауға арналған ғылыми мақалаларды дайындау.

