Жаңалықтар мен іс-шаралар

Қазақстан Республикасының аудан және ауылдық округ әкімдері – әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті

Қазақстан Республикасының аудан және ауылдық округ әкімдері – әйелдерге арналған семинар-тренинг 2025 жылғы 6–7 қараша күндері Астана қаласында, Ұлттық академиялық кітапхана базасында аудан және ауылдық округ әкімдері – әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты – стратегиялық менеджмент, халықпен коммуникация, бюджеттік жоспарлау және құқықтық реттеу салаларында практикалық дағдыларды дамыту. Гендерлік даму, отбасылық-демографиялық саясат, әйелдер көшбасшылығы, инклюзивті және адамға бағытталған басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар бағдарламасы төрт тақырыптық сессияны қамтыды:

Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық – басқарушылық құзыреттер мен стратегиялық ойлауды дамыту;

Коммуникациялар және халықпен байланыс – «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы тәжірибелер және азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл;

Бюджеттік жоспарлау – жергілікті деңгейде бюджеттік ресурстарды ұтымды әрі ашық бөлу мәселелері;

Мемлекеттік басқарудың құқықтық аспектілері – мемлекеттік органдар қызметін реттейтін заңнаманың өзекті мәселелері.

Семинарға қатысу қатысушылардың адамға бағытталған басқарудың заманауи тәсілдері туралы білімін арттыруға, сондай-ақ аталған бағыттар бойынша теориялық және практикалық білім алуға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен.

  • 01
  • 02
logo2.png
010000 Астана, Абай д., 33а
Электрондық пошта:
zhuldyz.davletbayeva@apa.kz 

Пайдаланушы профилі

© 2015 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper